27 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №745 

245 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 30 қараша, Астана қаласы Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарлама беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарлама беру қағидалары және оның нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарлама нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №745 бұйрығына 1-косымша Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарлама беру қағидалары 1. Осы Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бар екені туралы хабарлама беру қағидалары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 199-бабына сәйкес әзірленді және нарық субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Кодекстің 174-бабының 3), 5) және 7) тармақшаларында көзделген үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері болған кезде монополияға қарсы орган үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне оның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) беру тәртібін белгілейді. 2. Хабарлама монополияға қарсы орган ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) көрсетілген белгілердің бар екені туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бекітілген нысан бойынша жіберіледі. 3. Хабарлама монополияға қарсы органның қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді және мыналарды: 1) хабарлама жасалатын нарық субъектісінің атауын; 2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының, сондай-ақ нарық субъектісі бұзған құқық нормаларының бұзылуының анықталған белгісінің (белгілерінің) сипатын; 3) нарық субъектісі Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілерін жою үшін қабылдауы қажет немесе оны (оларды) жасаудан тартынуға тиіс әрекеттерді; 4) хабарламаны орындау мерзімін, ол алынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс; 5) хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты беру мерзімін; 6) хабарламаға қол қоюға уәкілетті адамның қолын; 7) монополияға қарсы органның елтаңбалық мөрін қамтиды. 4. Хабарлама мерзімі ұзартылмайды. 5. Хабарламаға монополияға қарсы орган ведомствосы лауазымды адамының (адамдарының) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсеке­лестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екені туралы қызметтік жазбасы қоса беріледі. 6. Аралық жауапты ұсыну немесе хабарламаның ішінара орындалғаны туралы ақпаратты беру оның орындалғаны болып есептелмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №745 бұйрығына 2-қосымша Нысан Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде(әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарлама (шығару күні) (шығару орны) ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_____________________________________________________________________________________ негізінде (Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екені туралы монополияға қарсы органның лауазымды адамының (адамдарының) қызметтік жазбасының күні және нөмірі көрсетіледі). монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы мәліметтерді талдау нәтижесі бойынша ___________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________әрекеттерінде (Хабарлама объектісінің атауы көрсетіледі) _______________________________________________________________________________________ анықталды. (монополияға қарсы заңнаманы, сондай-ақ нарық субъектісі бұзған құқық нормаларын бұзудың анықталған белгілері сипатталады) Айтылғанның негізінде, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-бөлігін басшылыққа ала отырып, ХАБАРЛАЙМЫН: 1. ___________________________________________________________________________________________________ (Нарық субъектісі монополияға қарсы заңнаманы бұзуды жою үшін жасауға тиіс (немесе оны жасаудан тартынуға тиіс) әрекеттер көрсетіледі). 2. Хабарлама тіркелген күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде орындалуға жатады. Осы Хабарламаны орындамау, оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы орган белгілеген оны орындау мерзімін бұзу Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілері бойынша тергеу тағайындау үшін негіз болып табылады. Қосымша: қызметтік жазба парақ. Төраға (Департамент басшысы) (қолдың және елтаңбалық мөр орны) ______________________________ (Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12494 болып енгізілді.